Имя
Гульжан
Фамилия
Солтанова
Специальность
Не выбрана
Материалы
Тілашар тойы Музыка әуені 1-жүргізуші: Қуаныш – бүгін мереке Шуағын шашып тұр әлем Мектепке келген алғашқы Жан досым, саған мың сәлем! 2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына сәттілік тілеп, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балалардың осы қара шаңырақты аттаған қадамдары құтты болсын! Тойымызға қош келдіңіздер! Музыка әуені Бірінші сынып оқушылары (7 оқушы) ортаға шығады. Әр оқушы өлеңін оқып, әріптерін ашып отырады.
Әліппе- білім бастауы І. Кіріспе (видео-слайд: Ғажайыпстанға саяхат) ІІ. Мектеп әні (балалардың видеосы – фотоларымен, ) ІІІ. Сахнаға шығу (1 «А», 1 «Ә») ІV.Ертегілер әні (музыка ойналады) V. Рахима (автор): Ерте, ерте, ертеде аспан әлемінің бір жағында «Күн» елі, бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап, шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен. «Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен. Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.